26.07.2026 21:46
«Әл-Наср» қарызға батты
26.07.2026 21:46
«Әл-Наср» қаржы жағынан қиындыққа тап болды

Әл-Риядия газетінің мәліметінше, Саудияның клубы қарызға белшесінен батты. Криштиану Роналду бастаған команданың жалпы берешегі 800 миллион риалдан асып кетіпті. Мұны еуроға шаққанда шамамен 187 миллион болады екен.
Осыған байланысты Эр-Рияд клубына трансфер жасауға тыйым салынуы мүмкін. Сонымен қатар команданы қаржыландыру да тоқтап қалмақ.
Роналду «Әл-Наср» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Одан бөлек бұл клубтың құрамында Иньиго Мартинес, Жоау Феликс, Кингсли Коман және Садьо Мане секілді белгілі ойыншылар бар. Ал бас бапкер қызметін 3 шілдеден бері Эндж Постекоглу атқарады.