31.12.2025 03:05
«Арсенал» «Астон Вилланы» ойсырата жеңді
31.12.2025 03:05
Ағылшын Премьер-лигасының 19-турында «Арсенал» өз алаңында «Астон Вилланы» тізе бүктірді

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде 4:1 есебі тіркелді. «Зеңбірекшілердің» сапында Габриэль Магальяйнс, Мартин Субименди, Леандро Троссард және Габриэль Жезус мергендік танытты. Ал «арыстандардың» жалғыз голын Олли Уоткинс соқты.
Осылайша 45-ұпайына қол жеткізген Лондонның клубы турнир кестесінде көш басында қала береді.
Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 3 қаңтар күні «Борнмутқа» қонаққа барады.