26.07.2026 23:22

«Арсенал» Винисиусты алғысы келеді

26.07.2026 23:22

«Реал» вингері Винисиус Жуниор мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

The Times хабарлауынша, оны «Арсенал» осы жазда қатарына қосқысы келеді. Лондонның клубы Винисиуске тарихында болмаған ең қымбат келісімшарт ұсынуға дайын. Оған сәйкес 26 жастағы футболшының бір аптада алатын жалақысы 400 мың фунт стерлингті, яғни 470 мың еуроны құрайды екен.

Вини «Реалда» аптасына 400 мың еуро алады. Бірақ келесі жазда аяқталатын келісімшартты ұзарту үшін шамамен 570 мың еуро сұрап отыр. Ал «бланкос» президенті Флорентино Перес мұндай соманы беруге дайын емес, сондықтан Винисиусты тура қазір сатуға дайын, бірақ бас бапкер Жозе Моуринью командадағы басты ойыншының клубтан кетуіне үзілді-кесілді қарсы. Қазірге дейін «Арсенал» мен «Реал» арасында Винисиуске қатысты ешқандай келіссөз болмапты. Тіпті Мадридтің клубы «Арсеналдың» Винисиуске көз тігіп отырғанын естігенде қатты таңғалған екен.

«Бланкос» Винисиусты 2018 жылы «Фламенгодан» 45 миллион еуроға сатып алған еді. Бразилиялық вингер өткен маусымда 53 матчта 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram