26.12.2025 20:54
Барколяға үш клуб көз тікті
26.12.2025 20:54
ПСЖ вингері Брэдли Барколяға үш клуб қызығушылық танытуда

Экрем Конурдың хабарлауынша, 23 жастағы французды «Бавария», «Ливерпуль» және «Манчестер Юнайтед» өз қатарынан көргісі келеді. Аталған ұжымдар Брэдлидің ойынына тәнті екен.
Ал Париждің клубы маусымның ортасында мықты ойыншысынан айырылып қалғысы келмейді. Керісінше оған 2030 жылға дейін жарамды болатын жаңа келісімшарт ұсынбақ.
Барколя осы маусымда 21 ойында бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді.