26.12.2025 18:18
«Рома» АПЛ ойыншысына көз тікті
26.12.2025 18:18
«Тоттенхэм» қорғаушысы Раду Драгушин «Ромаға» ауысуы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, Римнің клубы 23 жастағы Румыния ойыншысын сатып алу мүмкіндігімен жалға алғысы келеді.
Одан бөлек «джаллоросси» «Атлетико» шабуылшысы Джакомо Распадори және «Манчестер Юнайтед» форварды Джошуа Зиркзеемен келіссөз жүргізіп жатыр.
Дрэгушин ақпан айында тізесіндегі айқыш байламын үзіп алып, содан бері ойнамаған еді.
Айта кетейік, 16 турдан кейін 30 ұпай жинаған «Рома» Италия чемпионатында төртінші орында келеді.