22.11.2025 22:12
«Барселона» жарқын жеңіске жетті
22.11.2025 22:12
Испания Ла Лигасының 13-турында «Барселлна» өз алаңында «Атлетикті» ойсырата жеңді

Су жаңа «Камп Ноу» стадионында өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Ферран Торрес дубль жасаса, Роберт Левандовски мен Фермин Лопес бір голдан тоғытты. Сондай-ақ 54-минутта басктердің жартылай қорғаушысы Ойан Сансет алаңнан қуылып кетті.
Осылайша 31-ұпайын еншілеген Каталонияның клубы live-кестеде көш бастады. Ханси Фликтің командасы келесі турда 29 қараша күні «Алавесті» қабылдайды. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында «Челсиге» қонаққа барады.
Айта кетейік, бұл «Барселонаның» «Камп Ноуда» өткізген 2023 жылдың 23 мамырынан бергі алғашқы матчы болды. Осы аралықта кешенде жөндеу жұмыстары жүргізілді.