04.04.2026 20:37
«Бавария» «Фрайбургты» сан соқтырды
04.04.2026 20:37
Германия Бундеслигасының 28-турында «Бавария» сырт алаңда «Фрайбургтан» басым түсті

Фрайбургте өткен кездесу 2:3 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Йоан Манзамби мен Лукас Хелёр гол соқты. Оған «Бавария» сапында Том Бишоф дубльмен жауап қайырды. Ал жеңіс голын Леннарт Карл 90+9-минутта соқты.
Осылайша Мюнхеннің клубы 73-ұпайын олжалап турнир кестесінде көш басында қалды.
Венсан Компани шәкірттері келесі турда 11 сәуір күні «Санкт-Паулиге» қонаққа барады. Одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасының 1/4 финалы аясында «Реалмен» кездеседі.