27.12.2025 00:45

«Бавария» ойыншысы ат басын Мадридке бұруы мүмкін

27.12.2025 00:45

«Бавария» жартылай қорғаушысы Леон Горецка мансабын «Атлетикода» жалғастыруы мүмкін

Krrish хабарлауынша, Мадридтің клубы соңғы күндері 30 жастағы Германия құрамасының ойыншысының агентімен байланысқа шыққан.

Одан бөлек оған көз тіккендердің қатарында Италия, Түркия, Англия және Германияның төменгі дивизионындағы клубтар бар екен.

Ал «Бавария» болса Горецкамен 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартқысы келмейді. Сондықтан ол еркін агент атануы мүмкін.

Горецка осы маусымда 23 ойынға қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram