26.12.2025 23:51
Джон Терри Англияның клубын тізгіндеуі мүмкін
26.12.2025 23:51
«Челсидің» бұрынғы қорғаушысы Джон Терри бапкерлікке бет бұрмақ

The Sun хабарлауынша, 45 жастағы Терри Чемпионшипте 21-орында келе жатқан «Оксфорд Юнайтедті» тізгіндеуі мүмкін. Бұл клуб 24 желтоқсан күні бас бапкері Гэри Роуэтті қызметінен босатқан еді.
Айта кетейік, Терри бұрын-соңды бас бапкер болмаған. Ол тек «Астон Вилла», «Челси» және «Лестердің» бапкерлер штабында қызмет атқарған.