18.04.2026 22:08

«Борнмут» өз рекордын жаңартты

18.04.2026 22:08

Ағылшын Премьер-лигасының 33-турында «Борнмут» сырт алаңда «Ньюкаслды» тізе бүктірді

«Сент-Джеймс Паркте» өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Матчтағы алғашқы голды Маркус Тавернье 32-минутта соқты. Кейін 68-минутта Уиллиам Осула таразы басын теңестірді. Ал 85-минутта соғылған жеңіс добының авторы – Адриен Труффер.

Осылайша «шиелер» ішкі біріншіліктегі жеңіліссіз сериясын 13 матчқа дейін ұзартты. Бұл клуб тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай.

Андони Ираоланың шәкірттері турнир кестесінде 48 ұпаймен сегізінші орында тұр. Ал Ираоланың өзі 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, командадан кетеді. Оның орнын Марко Розе басады деген қауесеттер тарап жатыр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram