18.04.2026 19:47

Марин Томасов рекорд орнатты

18.04.2026 19:47

Қазақстан Премьер-лигасының 5-турында «Астана» сырт алаңында «Елімаймен» (2:2) тең тарқасты

Матчтың небәрі 25-секундында алаң қонақтарының дүлдүлі Марин Томасов есеп ашты.

Осылайша ол Қазақстан клубтары сапында ең көп гол соққан шетелдік ойыншы атанды. Хорватиялық легионер «Астана» сапындағы 124-голын семейліктердің қақпасына енгізді. Бұған дейінгі рекорд «Жетісу», «Тобыл» және «Ертіс» жейдесінде жүріп 123 гол тоғытқан өзбекстандық форвард Ұлықбек Бақаевқа тиесілі болған.

Елорданың клубы 38 жастағы вингерді 2018 жылы «Риекадан» 500 мың еуроға сатып алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram