18.04.2026 19:17

Вейналдум «Әл-Итттифақтан» кетеді

18.04.2026 19:17

«Әл-Иттифақ» капитаны Джорджиньо Вейналдум маусым аяқталысымен клубтан кетеді

Қос тарап осы жазда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды.

35 жастағы Нидерланд құрамасының жартылай қорғаушысы Саудияның клубына 2023 жылы ПСЖ-дан сегіз миллион еуроға ауысып келген еді. Оған дейін «Рома», «Ливерпуль», «Ньюкасл», ПСВ және «Фейеноордта» ойнаған. Ол осы маусымда 29 матчта 15 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram