22.12.2025 12:44
Бруну Фернандеш бір ай ойнамайды
22.12.2025 12:44
«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш саптан шығып қалды

31 жастағы Португалия ойыншысы «Астон Виллаға» (1:2) қарсы ойында жарақат алды.
The Telegraph хабарлауынша, ол осыған байланысты бір айға жуық уақыт командасына көмектесе алмайды. Ал нақты қашан оралатыны және жарақат туралы толық ақпарат жақында медициналық тексерістен кейін жарияланады.
Бұл оның 13 жылдық мансабындағы небәрі бесінші жарақаты болды. Осыған дейін 40 күні емделуге кетіп, алты матчтан тыс қалған.
Бруну осы маусымда клубтың барлық 18 ойынына қатысып, бес гол мен жеті нәтижелі пастың авторы атанды.