08.12.2025 22:04
«Челси» ойыншысына алты клуб көз тікті
08.12.2025 22:04
«Челси» қорғаушысы Аксель Дисаси жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, 27 жастағы французға «Ньюкасл», «Вест Хэм», «Галатасарай», «Ювентус» және «Боруссия Дортмунд» қызығушылық танытып отыр.
Осыған дейін оған «Лионның» да көз тіккені белгілі болған еді.
Айта кету керек, Дисаси осы маусымда негізгі құрамға іліге алмай жүр. Соның салдарынан ол 21 жасқа дейінгі командада екі матч өткізіп үлгерді.