08.12.2025 21:41

«Интердің» негізгі ойыншысы «Ливерпульге» қарсы ойнамауы мүмкін

08.12.2025 21:41

«Интер» қорғаушысы Мануэль Аканджи қатардан шығуы мүмкін

30 жастағы Швейцария ойыншысы тұмауратып қалыпты. Соның салдарынан командамен соңғы жаттығудан сырт қалған екен.

Енді ол ертең, сейсенбіде медициналық тексерістен өтеді. Нәтижесінде матчқа қатысу-қатыспауы белгілі болады.

Аканджи осы маусымда 17 ойында төбе көрсетіп, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Ал Чемпиондар лигасының 6-туры аясында өтетін «Интер» – «Ливерпуль» матчы 9 желтоқсанға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram