08.12.2025 21:13
«Ливерпуль» Салахты құрамнан алып тастады
08.12.2025 21:13
«Ливерпуль» вингері Мұхамед Салах құрамнан шығып қалды

Мерсисайдтың клубы 33 жастағы ойыншыны Чемпиондар лигасындағы «Интерге» қарсы ойынға қатысатындар тізіміне қоспады.
Осыған дейін Салах бас бапкер Арне Слотқа назын және қыста клубтан кетуі мүмкін екенін айтқан еді.
Мысыр дүлдүлі «Ливерпуль» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 420 ойында 250 гол соғып, 116 нәтижелі пас берді.
Ал Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 6-туры аясында Миланда өтетін «Интер» – «Ливерпуль» матчы 9 желтоқсанға жоспарланған.