27.10.2025 17:23

Де Брюйне Қазақстанға келмейді

27.10.2025 17:23

«Наполи» жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне «Интерге» (3:1) қарсы кездесуде жарақат алды

Бельгиялық футболшы матчтың 33-минутында пенальтиден гол соқты. Бірақ, сол 11 метрлік айып добын орындау кезінде оң аяғының бұлшық етін зақымдап алып, ойынды соңына дейін жалғастыра алмады.

Нәтижесінде бірнеше айға қатардан шықты. Соның салдарынан 15 қараша күні Астанада өтетін Қазақстан – Бельгия матчына қатыспайды.

Де Брюйне «Наполи» қатарына биыл жазда еркін агент ретінде қосылған еді. Осы аралықта 11 ойында төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram