08.11.2025 15:42
Диего Симеоне әлемнің үздік шабуылшысын атады
08.11.2025 15:42
«Атлетико» бас бапкері Диего Симеоне шәкірті Хулиан Альварес жайлы сөз қозғады

— «Хулиан – ғаламат футболшы. Ол – біздің командадағы басты ойыншы. Альваресті әлемнің үздік шабуылшысы деп айта аламын. Алдағы уақытта да біздің ұжымға зор пайдасын тигізеді деген сенімдемін», – деді аргентиналық маман.
Симеоне отандасын 2024 жылдың тамыз айынан бері жаттықтырып келеді. Осы аралықта 25 жастағы шабуылшы 71 ойында 38 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді.