05.12.2025 18:43

Джесси Лингард клубсыз қалды

05.12.2025 18:43

Джесси Лингард еркін агент атанады

32 жастағы ағылшын жартылай қорғаушысы Оңтүстік Кореяның «Сеул» клубымен келісімшартты ұзартпайды. Осылайша 1 қаңтардан бастап кез-келген клубқа тегін ауысып кете алады.

Айта кетейік, Лингард «Сеул» намысын 2024 жылдың ақпан айынан бері қорғады. Одан бөлек мансабында «Манчестер Юнайтед», «Ноттингем Форест», «Брайтон», «Дерби Каунти» және «Лестер Сити» секілді командаларда ойнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram