31.10.2025 12:31

Эрик Гарсия «Барселонада» қалады

31.10.2025 12:31

Эрик Гарсия «Барселонамен» жаңа келісімшартқа келісті

«Барселона» қорғаушыны командада сақтап қалғысы келеді. Оған дейін ағылшынның «Тоттенхэм» мен «Челси» клубтары ойыншыға қызығушылық танытқан еді. Дегенмен клуб басшылығы бұл ұсыныстарды қабылдамай, Гарсияның қазіргі уақытта сатылмайтынын мәлімдеген.

Эрик Гарсия «Барселона» сапында соңғы маусымдарда тұрақты ойын көрсетіп, қорғаныс шебінде маңызды рөл атқарып келеді. Клуб оның тәжірибесін және шебер ойынын жоғары бағалайды.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram