31.10.2025 10:47
Педро «Лациодан» кетеді
31.10.2025 10:47
Педро «Лациомен» келісімшарты аяқталған соң, маусым соңында клубтан кететінін айтты

— «Лационың» еурокубокқа жолдама алғанын қалаймын. Ал сосын менің кететін кезім келеді»,– деді Педро.
Бірақ, 38 жастағы жартылай қорғаушы мансабын аяқтау жайлы сөз қозғаған жоқ.
Педро Рим клубының намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Оған дейін «Барселона», «Челси», «Рома» секілді клубтарда тер төккен. Одан бөлек Испания құрамасымен Әлем және Еуропа чемпионы атанған.