22.07.2026 18:49

Гимарайнш «Арсеналмен» келіссөз жүргізіп жатыр

22.07.2026 18:49

«Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Бруну Гимарайнш «Арсеналға» ауысуы мүмкін

The Times хабарлауынша, Лондонның клубы трансфер бойынша «Ньюкаслмен» тікелей келіссөз жүргізіп жатыр. «Зеңбірекшілер» Гимарайншты қатарына қосу үшін барын салмақ.

28 жастағы Бразилия құрамасының ойыншысы «сауысқандардың» сапына 2022 жылы «Лионнан» 50,1 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 41 матчта тоғыз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram