29.01.2026 10:22
Инсиньенің жаңа клубы белгілі болды
29.01.2026 10:22
Лоренцо Инсинье «Пескара» ойыншысы атануға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, 34 жастағы вингер бүгін медициналық тексерістен өтіп, 30 маусымға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі болады екен. Бірақ ол «Пескара» Италияның В сериясында қалса ғана іске қосылады.
Инсиньенің соңғы клубы МЛС-те сынға түсетін «Торонто» болған еді. Ол Канада ұжымынан өткен жазда кетті. Оған дейін «Наполи» намысын 2009-2022 жылдары аралығында қорғады. Одан бөлек 2011/12 жылғы маусымда дәл осы «Пескарада» жалда ойнаған.