29.12.2025 18:11
Кварацхелия жылдың үздік ойыншысы атанды
29.12.2025 18:11
ПСЖ вингері Хвича Кварацхелия Грузияның 2025 жылдағы үздік ойыншысы атанды

Осылайша 24 жастағы шабуылшы бұл жүлдені бесінші рет иеленіп, Кахи Каладзенің рекордын қайталады.
Хвича Париждің клубына биыл 17 қаңтарда «Наполиден» ауысып келген еді. Осы аралықта 53 матчта 14 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ командамен тарихи требл жасап, Франция мен UEFA Суперкубогы және құрлықаралық кубокты жеңіп алды. Одан бөлек маусымды Неаполь клубында бастағаны үшін Италия чемпионатының алтын медалін де олжалады.