27.12.2025 03:55

«Манчестер Юнайтед» «Ньюкаслдан» басым түсті

27.12.2025 03:55

Ағылшын Премьер-лигасының 18-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Ньюкаслдан» басым түсті

«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесуде 1:0 есебі тіркелді. Матчтағы жалғыз голды 24-минутта Патрик Доргу соқты.

Осылайша 29-ұпайына қол жеткізген «қызыл сойқандар» турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Рубен Аморим шәкірттері келесі турда 30 желтоқсан күні «Вулверхэмптонды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram