08.12.2025 22:24
«Манчестер Юнайтед» топ-қорғаушы алмақ
08.12.2025 22:24
«Кристал Пэлас» қорғаушысы Марк Гехи «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

Мигель Дилэйнидің хабарлауынша, манкуниандықтар 25 жастағы ағылшынды еркін агент ретінде қатарға қосуды көздейді.
Келер жазда келісімшарты аяқталатын Гехиге көз тіккендердің қатарында «Манчестер Юнайтедтен» бөлек «Барселона», «Бавария», «Атлетико» және АПЛ-дың бірқатар клубы бар.
Айта кетейік, Гехи осы маусымда Ағылшын Премьер-лигасында 14 ойында екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.