31.12.2025 03:16

«Манчестер Юнайтед» ұпай жоғалтты

31.12.2025 03:16

Ағылшын Премьер-лигасының 19-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Вулверхэмптонмен» тең түсті

«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен, тең аяқталды. Матч есебін 27-минутта Джошуа Зиркзее ашса, оған 45-минутта Ладислав Крейчи жауап қайтарды.

Осылайша 30-ұпайына қол жеткізген манкуниандықтар турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.

Рубен Аморимнің командасы келесі турда 4 қаңтар күні «Лидске» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram