18.10.2025 12:00

Марк Гехи «Кристал Пэластан» кетеді

18.10.2025 12:00

Марк Гехи жазда еркін агент ретінде «Кристал Пэластан» кетеді. Бұл туралы клуб бас бапкері Оливер Гласнер айтты.

«Марк бізге келісімшартты ұзартпайтынын айтып қойды. Сондықтан келер жылы клубтан кетеді. Әрине, біз Гехидің қалғанын қаладық, бірақ оның жоспары басқа», – деді Гласнер.

Осыған дейін 25 жастағы қорғаушыға «Ливерпуль», «Барселона», «Реал М» және «Бавария» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған еді.

Естеріңізге сала кетсек, Гехи «Кристал Пэласта» 2021 жылдың жазынан бері ойнап келеді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram