04.08.2026 17:49

Мастантуононың жаңа клубы белгілі болды

04.08.2026 17:49

«Реал» жартылай қорғаушысы Франко Мастантуоно «Фиорентинаға» ауысуға жақын

Marca хабарлауынша, Италия А Сериясының клубы оны бір маусымға жалға алады. Қос тарап келісімге келуге жақын, шешілмей тұрған мәселе тек Франконың жалақысы ғана.

Бүгін Мастантуоно командадан бөлек жеке залда жаттығыпты. Ол «күлгіндер» сапына қосылуға дайын отыр.

«Бланкос» Франконы 2025 жылдың жазында «Ривер Плейттен» 45 миллион еуроға сатып алған еді. 18 жастағы аргентиналық вингер өткен маусымда 35 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram