04.08.2026 17:10
Николас Джексон «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін
04.08.2026 17:10
«Челси» шабуылшысы Николас Джексон «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін

Daily mail журналисі Киран Гиллдің хабарлауынша, «Тоттенхэм» Джексонге қызығушылық білдірді және қатарға қосуды қарастырып жатыр. Бас бапкер Роберто Де Дзерби басқа позицияларына шамамен 250 миллион фунт стерлинг жұмсағаннан кейін, шабуыл шебін күшейтуді көздейді.
Одан бөлек Джексонды «Астон Вилла» өз қатарынан көргісі келеді. Ал «Челси» ойыншысын 65 миллион фунт стерлингке (75,9 млн еуро) бағалап отыр. Николастың өзі тұрақты түрде ойнау үшін клуб ауыстыруға дайын.
Осыған дейін «Тоттенхэмнің» «Ливерпульдегі» Коди Гакпомен келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі болған еді. Жалпы клуб қатарына осы жазда Сандро Тонали (€108 млн), Матеус Фернандеш (€99 млн), Ян Паул ван Хекке (€60 млн), Маркос Сенеси, Эндрю Робертсон және Мартин Дубравка (үшеуі де – тегін) қосылды.
25 жастағы Сенегал құрамасының форварды өткен маусымды «Баварияда» жалда өткізіп, 34 матчта 11 гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанды.