04.08.2026 17:28
«Ньюкасл» Гимарайнштың орнына 120 миллионға ойыншы алмақ
04.08.2026 17:28
«Боруссия» жартылай қорғаушысы Феликс Нмеча мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Goal хабарлауынша, оған «Ньюкасл» қызығушылық білдірді. «Сауысқандар» Нмечаны жақында «Арсеналға» ауысатын Бруну Гимарайнштың орнына қарастырып отыр. Қазір қос тарап ресми келіссөз бастады. Ал Дортмундтың клубы ойыншысын 120 миллион еуродан төмен сомаға сатпайды.
Нмеча «аралардың» сапына 2023 жылы «Вольфсбургтан» 30 миллион еуроға ауысып келген еді. 25 жастағы Германия құрамасының ойыншысы өткен маусымда 42 матчта бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ал келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.