27.12.2025 12:44
Месси «Барселонаға» оралуы мүмкін
27.12.2025 12:44
«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси «Барселонаға» оралуы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, келешекте Каталонияның клубы 38 жастағы Аргентина ойыншысын басшылық қызметке шақырмақ.
Месси «блауграна» намысын 2005-2021 жылдары аралығында қорғаған еді. Осы аралықта Испанияның 10 дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында төрт мәрте топ жарды. Сондай-ақ «Алтын доп» жүлдесін жеті рет жеңіп алды.
Ал биыл ол «Интер Майами» сапында 42 матчта 38 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді.