22.12.2025 16:35
«Милан» жаңа шабуылшы алды
22.12.2025 16:35
Никлас Фюллькруг «Милан» ойыншысы атанады

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, «россонери» 32 жастағы неміс шабуылшысын «Вест Хэмнен» сатып алу құқығымен маусым соңына дейін жалға алды.
Фюллькруг Миланға бүгін не ертең таңертең қонады екен. Ол осы аптада медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қояды.
Никлас осы маусымда тоғыз матчқа қатысып, даралана алмады.