15.12.2025 18:18
Нойер үшін 2025 жыл аяқталды
15.12.2025 18:18
«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер қатардан шықты

39 жастағы неміс голкипері Бундеслиганың 14-турында болған «Майнцқа» (2:2) қарсы ойында оң аяғының сан бұлшық етін жыртып алыпты.
Осыған байланысты Нойер келесі жылға дейін ойнамайтын болды. Болжам бойынша, ол 11 қаңтарға жоспарланған «Вольфсбургпен» матчқа дайын болады.
Нойер осы маусымда 20 матчта 21 гол жіберіп, жеті ойында қақпасына доп өткізбеді.