10.12.2025 20:56
ҚПЛ-2025 үздіктері анықталды
10.12.2025 20:56
Бүгін, 10 желтоқсан күні Астана қаласында KFF League Awards марапаттау рәсімі өтті

Нәтижесінде Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымдағы үздіктері анықталды.
Үздік бапкер – Рафаэль Уразбахтин («Қайрат»)
Үздік ойыншы – Дастан Сәтпаев («Қайрат»)
Үздік жас ойыншы – Дастан Сәтпаев («Қайрат»)
Үздік қақпашы – Темірлан Анарбеков («Қайрат»)
Үздік қорғаушы – Бағдат Қайыров («Ақтөбе»)
Үздік жартылай қорғаушы – Ғалымжан Кенжебек («Елімай»)
Үздік шабуылшы – Ислам Чесноков («Тобыл»)
Үздік сұрмерген – Назми Грипши («Астана», 16 гол)
Жыл серпілісі – Дәурен Жұмат («Оқжетпес»).
Айта кетейік, биылғы маусымда 26 турда 59 ұпай жинаған «Қайрат» чемпион атанған еді.