29.12.2025 20:30

Рубен Невеш АПЛ-ге оралуы мүмкін

29.12.2025 20:30

«Әл-Хиләл» тұтқауылы Рубен Невеш Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

Krrish хабарлауынша, 28 жастағы Португалия ойыншысына «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытуда. Манкуниандықтардың бас бапкері Рубен Аморим осы қыста жартылай қорғаныс шебін күшейткісі келеді.

Жақында қос тараптың өкілдері кездесіп, келіссөз жүргізіпті. Саудияның клубы Рубенді келісімшарты келер жазда аяқталатындықтан 10 миллион фунт стерлингке сатуға дайын екен. Рубеннің өзі де клуб ауыстыруға қарсы емес.

Айта кетейік, Невеш «Әл-Хиләл» қатарына 2023 жылы «Вулверхэмптоннан» 55 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 22 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram