22.11.2025 23:05

Салах АПЛ-дегі 300-матчын өткізді

22.11.2025 23:05

Мұхамед Салах Ағылшын Премьер-лигасындағы 300-матчын өткізді

«Ливерпуль» дүлдүлі «Ноттингем Форестке» (0:3) қарсы ойында төбе көрсетті.

Осылайша Мысырдың футболшысы Англия біріншілігінде 300+ матч өткізген «Ливерпульдің» бесінші ойыншысы атанды.

Бұл қатарда одан бөлек Джейми Каррагер (508 матч), Стивен Джеррард (504), Джордан Хендерсон (360) және Сами Хююпия (318) бар.

Айта кетейік, Салах осы маусымда 17 матчта бес гол, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram