15.12.2025 19:23
Силва Еуропаға кетуді жоспарлап отыр
15.12.2025 19:23
Тиаго Силва «Флуминенседен» кетуге дайын

«Флуминенсе» клубының орталық қорғаушысы Тиаго Силва 2026 жылғы әлем чемпионаты алдында клубтан кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.
Дереккөздің мәліметінше, 41 жастағы бразилиялық үшін басты нұсқа - Еуропаға қайта оралу.
Силва «Флуминенсе» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Биыл ол 46 матчта 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.