26.02.2026 12:45
Тюрам «Интерден» кетуі мүмкін
26.02.2026 12:45
«Интер» шабуылшысы Маркус Тюрам клубтан кетуі мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, Миланның клубы 28 жастағы француз форвардын керек қылмай отыр. Сондықтан жазда ұсыныс түссе сатып жіберуге дайын екен.
Тюрам осы маусымда 32 матчта 12 гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Оның «нерадзурримен» келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.